"Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" АҚ инженері FIFA 23 бойынша мемлекеттік қызметшілерге арналған турнирге қатысты.

Астана қаласында FIFA 23 Qazaqstan Qyzmet Cyber Cup ұйымдастырушысы Qazaq cybersport Federation болып табылатын  киберспорт турнирінің кезекті маусымы аяқталды. Жарысқа мемлекеттік қызметшілер, ұлттық компаниялар мен квазимемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері ат салысты.


Fifa23.png


"Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" АҚ атынан осы турнирде Кеңістік деректер департаментінің 1 санатты инженері Омар Бекжігіт Әбдісаттарұлы белсенділік танытып, 16 қатысушы арасында 4-ші орынды иеленді. Ойынның жоғары деңгейін және жарыс барысында тамаша нәтижелерді көрсетті.

Турнирдің барлық қатысушылары кибербол алаңдарында керемет ойын көрсетіп, жеңіске деген шынайы ұмтылысын білдіріп, соңына дейін күресті. Кәсіби киберспортшылар, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпиондары және қалалық турнирлердің жүлдегерлері бас қосып, бұл жарысқа қосымша толқу мен жарыс рухын әкелді.

Киберспортта одан әрі табыс пен өркендеу тілейміз.


Баспасөз қызметі
"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК " АҚ