Мектеп оқушылары зымыран құрастыру бойынша республикалық турнирді ұйымдастырды

Қазақстан астанасында QazAstroShift зымыран құрастыру бойынша алғашқы турнир өтіп, онда еліміздің түкпір-түкпірінен 10 үздік инженерлер командасы жиналды. 26 шілдеде Ұлттық ғарыш орталығының жанындағы полигонда зымырандар ұшырылып, жеңімпаздар мен үміткерлер анықталды. Ұйымдастырушылар Республикалық физика-математика және Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары болып табылады.


Мектеп оқушылары.png


Қазақстаннан және тіпті Бішкектен келген 122-ден астам команда физика, бағдарламалау білімдерінде жарысып, сондай-ақ зымырандарды жобалау және прототиптерді құрастыру дағдыларын көрсете отырып, турнирдің алдын ала кезеңдерінен өтті. Елдің жетекші техникалық университеттерінің профессорлары мен студенттерінің қолдауымен жасалған онлайн сабақтардың арқасында зымыран құрастыруда тәжірибелері болмаған оқушыларға қатысуға мүмкіндік берілді.

ff8d14ce-c37d-4889-917f-ce36d4ca3c72 (1).jpg


Марапаттау рәсімінде Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысушыларды өз сөзімен шабыттандырды. Ол олардың жас кезіндегі зымыран ғылымына деген қызығушылығын жоғары бағалап, оларды прогресс қозғалтқыштарының жаңа буыны деп атады.

IMG_0915 (1).JPG


1 орын MacBook Pro жүлдесін Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) “Сохаиб” тобының қатысушылары Тоқтар Күмісбек, Төлеумірлан және Бейсекеев Мирас иеленді.

IMG_0911 (1).JPG


2 орын MacBook Air жүлдесі Талдықорған қаласының НЗМ-нің Cosmovinnie тобының құрамы Әсетхан Толғанайға, Емберген Арнурға және Еранұлы Нұрсұлтанға бұйырды.

WhatsApp Image 2023-07-28 at 10.54.38 (1).jpeg


3 орын iPad жүлдесін  NIS Proxima Centauri командасынан Түркістан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің (НЗМ) оқушылары Сартай Алпамыс, Асылбек Диас және Жеңсікбаев Нұрсәулет алды.
1-5 орын алған командалардың қатысушылары биыл мектепті бітіріп, Астана IT университетінің ректорлық гранттарын иеленеді.

IMG_2419 (1).JPG


Алайда жеңімпаздар материалдық жағынан марапатталып қана қоймай, білім беру гранттарын алуға мүмкіндік берілді.

IMG_2465 (1).JPG


Осылайша, Қазақстан-Британ техникалық университетінің қазылар алқасы турнирдің абсолютті жеңімпазы атанған Тоқтар Күмісбекке білім грантын беру туралы шешім қабылдады.



"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК " АҚ
Баспасөз қызметі