«Қазақстан Республикасы экономикасының салаларына арналған ғарыштық мониторинг» баспасөз-конференциясы өтті

26 шілдеде ҚР Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" РММ-де «Қазақстан Республикасы экономикасының салаларына арналған ғарыштық мониторинг» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті, оған ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің басшысы Баубек Оралмағамбетов, Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Разия Буралхиева және «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ төрағасының орынбасары Өскен Тойшыбеков қатысты.

IMG_4310.jpg



Баубек Оралмағамбетов орбитада жұмыс істейтін ҚР ЖҚЗ ғарыш жүйесінің ағымдағы жағдайы туралы ақпаратпен таныстырды. Ол, сондай-ақ, Қазақстан қазір ел экономикасының барлық салалары үшін ғарыштық технологиялар нәтижелерін қолданудың белсенді сатысында тұрғанын атап өтті.

«Ғарыштық мониторинг тетігінің басты ерекшелігі – нақтылығында, сондай-ақ, барлық ұсынылатын деректер нәтижелермен бірге талдау жүргізілетін бастапқы деректер ұсынылғандықтан, пайдаланушылар тарапынан қайта тексеру үшін қолжетімді», - деп атап өтті Баубек Оралмағамбетов.

Сонымен қатар, Аэроғарыш комитетінің төрағасы 2022-2023 жылдарға арналған ғарыштық мониторинг нәтижелері туралы баяндады.

IMG_4335.jpg


Баубек Оралмағамбетовтың хабарлауынша, барлық Қазақстан бойынша 2022 жылы 5683 рұқсат етілмеген қоқыс объектілері анықталған, олардың ішінде жойылғаны – 4331. 2023 жылдың 1-жартыжылдығында 3060 рұқсат етілмеген қалдық объектілері анықталды,  олардың ішінде жойылғаны – 716.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында жер пайдалануды бұзу фактісі бойынша одан әрі шаралар қабылдау үшін бизнес процестерді автоматтандыру және цифрландыру мақсатында жерді ұтымды пайдалануды мониторингілеу үшін "JerInSpectr" платформасы әзірленді.


Брифинг барысында, спикер, іске асырылып жатқан «JerInSpectr» цифрлық платформасы туралы айтты.

«JerInSpectr» платформасы ауылшаруашылығы жерлерінің мақсатты пайдаланылуын бақылау үшін іске қосылды. Пайдаланылмай жатқан жер телімдері бойынша заң бұзушылықтар, заңға сәйкес тиісті шараларды қабылдау үшін, жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық департаменттерге жіберіледі », - деп атап өтті Баубек Оралмағамбетов.


IMG_4321.jpg


Сонымен қатар, Аэроғарыш комитеті төрағасының айтуынша, орбитада жұмыс істеп тұрған спутниктерді ауыстыру жобасы басталды. Атап айтқанда, орташа ажыратымдылықтағы «KazEOSat-MR» ЖҚЗ спутниктерінің топтамасын құру Қазақстанның кез келген аумағын, күніне, кемінде 1 рет түсіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.



"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК " АҚ
Баспасөз қызметі