Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму жобасы (БҰҰДБ) сәтті аяқталды

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ның ұжымы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) аясында«8 пилоттық орман қорғау мекемелерінің аумағында ТҚЖО идентификациялау арқылы Қазақстандағы табиғи құндылығы жоғары ормандар (бұдан әрі - ТҚЖО) тұжырымдамасын енгізуді іске асыру бойынша жұмыстарды жүргізу»екінші халықаралық жобаны сәтті аяқтады.

2 (107).png

Табиғи құндылығы жоғары ормандар - экологиялық, әлеуметтік-экономикалық, ландшафттық немесе биоалуантүрліліктің жоғары құндылықтарына байланысты ерекше және жоғары маңызы бар ормандар болып табылады.Табиғи құндылығы жоғары ормандарды анықтау, бөліп көрсету және сақтау -орманды тұрақты басқару тұжырымдамасыныңажырамас бөлігі болып табылады.Қазақстанда барлық ормандар табиғатты қорғау мақсатында басқарылады және әртүрлі ТҚЖО санаттарына жатады.

БҰҰДБ қолдауымен, Жаһандық экологиялық қор және Қазақстан Республикасының үкіметі қаржыландыратын (бұдан әрі – Орман жобасы) «Әртүрлі тиімділік үшін негізгі жаһандық маңызы бар экожүйелерді сақтау және тұрақты басқару» жобасы аясында 4 негізгі кезеңнен тұратын жұмыстар аяқталды және келесі негізгі жұмыстар орындалды:

  • барлық мүдделі тараптардың мүдделерін және гендерлік тепе-теңдікті ескерумен негізгі биоалуантүрліліктің аймақтарын және ТҚЖО бөлу үшін деректер зерттелді және жаңартылды.
  • 8 пилоттық орман шаруашылығының аумағында ТҚЖО идентификациялау жүргізілді.


3 (97).png

Далалық сапарлар және таңдалған ТҚЖО учаскелерінің тексерілуі жүргізілді. Басқару жоспарын, бақылау жоспарын және ТҚЖО монетизация жоспарын қамтитын ұсыныстар әзірленді. Бөліп көрсетілген ТҚЖО басқару және мониторинг жүргізу бойынша иллюстрациялық оқу нұсқаулықтар әзірленді, осы мекемелердің өкілдері үшін тренингтер өткізілді; ҚР ЭТРМ ОШЖДК Комитетінің «Қазақстан Республикасындағы ТҚЖО анықтау, бағалау және басқару жөніндегі нұсқаулық» (бұдан әрі – нұсқаулық) ғылыми-техникалық кеңесінің отырысында әзірленген, қаралған, бекітілген; аймақтық деңгейлерде келісілген ұсынымдар, соның ішінде басқару жоспарлары, ТҚЖО мониторингі және монетизация жоспарлары; Астанада техникалық жұмыс тобы (ТЖТ) мүшелерінің сондай ақ барлық мүдделі тұлғалардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді, ТҚЖО бойынша әзірленген құжаттар мен амалдар ұлттық деңгейде енгізуге ұсынылды және т.б.

Нұсқаулық жобасын әзірлеген топ Қазақстанда оны алғаш рет енгізіді және әзірленген әдістемені болашақта Қазақстанның барлық жерлерінде әріқарай енгізу үшін пайдаланылатын болады.


5 (42).png

БҰҰ даму жобасының жетекшісі география ғылымдарының кандидаты, Ph.D., ТЖ және табиғи ресурстар мониторингі басқармасының бастығы Гүлжиян Аюпқызы Қабдулова, ЖҚЗ және ГАЖ саласында үлкен тәжірибесі бар, Францияда ЖҚЗ бойынша оқудан өткен, біздің компанияда күрделі жобаларды орындауда 17 жылдық табысты тәжірибесі бар басшы.
"Кез келген жоба және халықаралық деңгейдегі жоба әрқашан бірнеше ұйымдардың топтық жұмысы болып табылатынын сонымен қатар табыс топтың әрбір мүшесіне, жұмыс істеуге тура келген ұйымдарға байланысты екенін атап өткім келеді. Біздің компаниямыздың басшылығы әрдайым алға ұмтылатынын мақтан тұтамыз, өйткені әрбір жаңа халықаралық жоба бізге халықаралық деңгейге шығуға мүмкіндік береді!",- деп атап өтті Гүлжиян Қабдулова.
6 (29).png

БҰҰ-ның даму бағдарламасы сарапшыға Савазова Динараға ынтымақтастығы, кәсібилігі, жұмыстағы пайдалы ұсыныстары, сондай-ақ материалдар жинауға жәрдемдескен және жоба командасына өте мейірімді болған 8 пилоттық мекеменің мамандарына алғыс білдіреміз ("Нарынқол орман шаруашылығы" КММ, "Жоңғар орман шаруашылығы" КММ, "Жаркент орман шаруашылығы" КММ, "Қарадала орман шаруашылығы" КММ, "Бақанас орман шаруашылығы" КММ, "Зайсан орман шаруашылығы" КММ, "Шырша орман шаруашылығы" КММ, "Риддер орман шаруашылығы"КММ).


7 (14).png

Биоалуантүрлілік және орман ресурстары саласындағы біздің сарапшыларымыздың ынтымақтастығы үшін жеке алғыс: Вальдшмит Лина-б.ғ. к., биоалуантүрлілік жөніндегі сарапшы; Сүлейменов Нұрлан-орман экожүйелері жөніндегі сарапшы; Камкин Виктор - б.ғ. к., орман экожүйелері жөніндегі сарапшы; Ерғалиев Рауан-биоәртүрлілік саласындағы экономикалық мәселелер жөніндегі сарапшы, сондай-ақ халықаралық сарапшы- а.ш.-ғ.к.,Орман институты директорының инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары В.Н. Сукачева РҒА ҒО КНЦ ФИЦ - Бондарев А.И.
7 (15).png

Сонымен қатар, ТЖ және табиғи ресурстар басқармасы инженерлерінің жұмысына көптеген электрондық карталар, анықтамалықтар, ормандардың дерекқорын талдау және жүйелеу үшін қосқан зор үлесін атап өтеміз: Ахметова Динара, Илесов Сабыржан, Амринова Әсемгүл, Даиржанов Бақтияр; әзірленген ТҚЖО геосервисі үшін: Тойшибеков Өскенді, Зайнулин Тимурды; сондай-ақ жоба менеджерлері Шалтаева Айдана мен Байтанатова Айнұрға жобамен бірге жүргізілген жұмыстың тиімділігі үшін алғыс айтамыз.

Баспасөз қызметі
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ