"Инклюзивті инновациялар консорциумдары" гранттық бағдарламасы бойынша конкурс


Құрметті инноваторлар, ғалымдар, кәсіпкерлер және зерттеушілер!

«Инклюзивті инновациялар консорциумдары».png
ЦДИАӨМ «Инклюзивті инновациялар консорциумдары» гранттық бағдарламасының басталғаны туралы хабарлайды!

Бағдарламаның мақсаты - әлемді өзгерте алатын инновациялық шешімдерді құру және енгізу үшін ғылым мен бизнесті біртұтас қуатты топқа біріктіру. Біз тұрақты коммерциялық әлеуеті бар және тұрақты даму мақсаттарын қолдауға, сондай-ақ әлеуметтік міндеттерді шешуге бағытталған әлеуметтік әсері жоғары жобаларды іздейміз.

Сіздің идеяларыңызды іске асыру үшін бір жобаға 150 млн.теңгеге дейін алуға мүмкіндігіңіз бар. Жобаны іске асыру кезеңі - 12 айға дейін.

Әлемді өзгертудің бір бөлігі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Өтінім беріңіз және армандарыңызды жүзеге асырыңыз!

Біз сізге және сіздің идеяларыңызға сенеміз! Біргелікте біз қоғамның әлеуметтік міндеттерін шеше алатын инновациялар жасай аламыз.

Толығырақ жаңалықтарды Министрліктің ресми сайтында, сондай-ақ Жобаның сайтында бақылаңыз www.fpip.kz.