Алматы 2023 бірінші сақтандыру форумы

«Қазақстан Ғарыш Сапары» басқармасының төрағасы Айдын Аимбетов Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының 20 жылдығына арналған бірінші сақтандыру форумына қатысты. Форум Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және Сақтандыруға кепілдік беру схемаларының халықаралық форумының қолдауымен өтуде.


4 (69).png

«Мысалы, спутниктік суреттер арқылы тұрғын үйлер, коммерциялық мүліктер немесе ауылшаруашылық жерлері сияқты жылжымайтын мүлікті сақтандыру тәуекелін бағалау үшін пайдалануға болады. Суреттер су тасқыны, орман өрті немесе жер сілкінісі сияқты ықтимал қауіптерге қатысты объектілердің орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік береді», - деді Айдын Аимбетов.


5 (44).png

Бүгінгі таңда сақтандыру саласын белсенді цифрландыру жалғасуда. Сондай-ақ, сақтандыру қызметінде ғарыштық мониторингтің практикалық мүмкіндіктерін пайдалану тәуекелді бағалаудың дәлдігін арттыруға, шығындарды басқаруды жақсартуға және саланы тиімдірек және тұрақты етуге ықпал етеді.


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК»АҚ
баспасөз қызметі