KGS Орталық Азия елдерінің тауар өндірушілерінің көрмесінде

Тәжікстан астанасында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бесінші Консультативтік кездесуі аясында Орталық Азия мемлекеттері тауар өндірушілерінің көрмесі өтуде.


выставка душанбе (2).png


Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Әзербайжан басшылары ұлттық павильондарды аралап, қатысушы елдердің экономикалық жетістіктерімен танысты.


выставка душанбе.png


Көрмеде Қазақстанның 24 жобасы, оның ішінде Smart Data Ukimet, Egov Mobile, Интернет ресурстарының бірыңғай платформасы, KazSat-3 ғарыш аппараты сияқты инновациялар, сондай-ақ Жерді қашықтықтан зондтау деректеріне негізделген қызметтер JerInSpectr, Minerals ұсынылған. Іс-шараға үкімет өкілдерінен басқа қазақстандық жеке компаниялар да қатысады, соның ішінде BEYNE.AI, 7Generation, AG TECH, Ordamed және т.б.

Бұл көрменің мақсаты – ақпараттық технологиялар мен аэроғарыш өнеркәсібі салаларындағы инновациялық шешімдер мен өнімдерді ілгерілету, сондай-ақ серіктестік орнату және тәжірибе алмасу алаңын құру. Көрме 14-16 қыркүйек аралығында өтеді.


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК»АҚ
баспасөз қызметі