Египет ғарыш агенттігінің басшысы Ұлттық ғарыш орталығына барды

Египет ғарыш агенттігінің бас директоры Шериф Седки мырза Digital Bridge 2023 аясында Ұлттық ғарыш орталығына жұмыс сапарымен барды.


1 (113).png



Египет ғарыш агенттігінің басшысымен келіссөздер барысында ғарыш кеңістігін зерттеу және игеру, ғарыш аппараттарын өндіру және ұшыру, жердегі ғарыш инфрақұрылымы саласындағы Қазақстан-Египет ынтымақтастығын дамыту үшін қажетті практикалық қағидаттар мен нормалар талқыланды.


2 (111).png



Шериф Седки арнайы конструкторлық технологиялық бюроның өндіріс учаскелеріне, сондай-ақ «Ghalam» ЖШС бірлескен кәсіпорнының ғарыш аппараттарын құрастыру және сынау жөніндегі жұмыс тәжірибесіне назар аударды.


3 (102).png


Сонымен қатар, тараптар Жерді қашықтықтан зондтау, ЖҚЗ деректерімен және ғарыштық мониторинг тәжірибесімен алмасу саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.


4 (70).png



Бүгінгі таңда Египет ғарыш агенттігі ғарышқа үлкен мән беріп, штаб-пәтері Каирде орналасқан бүгінде құрылып жатқан панафрикалық ғарыш орталығының негізгі елдерінің бірі болуға ұмтылуда.

Сондай-ақ, Седки мырза Орталық Азиядағы ең ірі Digital Bridge 2023 ИТ-форумының панельдік сессиясына қатысты: «Ғарыштық байланыс: трендтер, міндеттер және перспективалар», онда қатысушылар заманауи технологиялық инновацияларды, саланы дамыту үшін ықтимал және әлемдегі спутниктік интернеттің болашақ перспективаларын қарастырды.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК»АҚ
баспасөз қызметі