Грузия Парламентінің төрағасы Ұлттық ғарыш орталығында болды

2024 жылдың 13 сәуірінде Қазақстанға ресми сапармен келген Грузия Парламентінің басшысы Шалва Папуашвили, Ұлттық ғарыш орталығында болды.

Грузия Парламентінің төрағасы Ұлттық ғарыш орталығында болды (1).png



Делегация Қазақстанның ғарыш саласындағы жетістіктерімен, ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің жұмысымен танысу үшін келді.


9 (13).png


Папуашвили мырза «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ қызметімен танысты, сондай-ақ «Ghalam» ЖШС бірлескен кәсіпорынында болды. Атап айтқанда, Арнайы конструкторлық-технологиялық бюроның өндірістік аумақтары, шағын ғарыш аппараттарын сынақтан өткізу зертханасы, электронды бұйымдарды шығаратын әрлеу бөлмелері.


8 (18).png



ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов Қазақстандағы ғарыш саласының дамуы туралы толық айтып берді, сондай-ақ «ҚҒС» ҰК» АҚ және "Ghalam" ЖШС мамандарының ғарыштық мониторинг және жерді қашықтықтан зондтау саласындағы жұмысын көрсетті.


10 (7).png



Грузия Республикасы ғарыштық зерттеулерді дамытуға мүдделі болғандықтан, өз кезегінде, делегация өкілдері қонақжайлық пен алынған ақпарат үшін алғыстарын білдірді.





«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі