«Құйбышев ОШМ» КММ аумағында бұзушылықтары бар 3 орман кесу анықталды

Ағымдағы жылдың 01 шілдесінен 03 шілдесіне дейін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, «Құйбышев ОШМ» КММ өкілдерінің қатысуымен Бұлақ және Үңгір-Қарағай (Густорощинское), Көкшетау 3 орманшылықтарында тексеру жүргізілді.


1 (136).png


Жоспардан тыс комиссияны өткізу жөніндегі комиссияның құрамына кеңістіктік деректер департаменті ТЖ және табиғи ресурстар мониторингі басқармасының орман ресурстары мониторингі бөлімінің 2 санатты инженері Азамат Қуанышпаев енгізілді.


photo1721389217 (4) (1).jpeg



2024 жылдың 3 шілдесінде GPS, электрондық орман орналастыру карталарын қолдана отырып, «Құйбышев ОШМ» КММ аумағында дала жұмыстарын (ағаш кесуді тексеру) жүргізу кезінде, сондай-ақ оларды ғарыштық суреттерге салу арқылы мынадай бұзушылықтар анықталды:

- Үңгір-Қарағай (Густорощинск) орманшылығында бөліп беру бойынша бұзушылығы бар 2 ағаш кесу. Кесу уақыты 2022 жылдың қаңтар-ақпан айлары. Мекеме ағаш кесу билетін 2021 жылдың 1 қарашасында шығарып берді;

- Көкшетау орманшылығында бөліп беру бойынша бұзушылығы бар 1 ағаш кесу. Кесу 2023 жылдың 9 қарашасынан 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүргізілді. Бұдан әрі кесу 2024 жылдың 20 қаңтарынан 2024 жылдың 2 наурызына дейін жалғасты. Мекеме ағаш кесу билетін 2024 жылдың 13 мамырында шығарып берді.

Шаралар қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне тексеру нәтижесі жіберілді.

Айта кетейік, 2018 жылдың басынан бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мамандары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ҚР ЭТРМ үшін Қазақстан Республикасының орман қорына ғарыштық мониторинг жүргізуде.





Баспасөз қызметі
"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК " АҚ