07.09.2026

«Кітап оқитын ұлт-Читающая нация» жобасы

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кітап оқу мәдениетін дамыту, зерделі ұлт қалыптастыру және шығармашыл, жасампаз және бәсекеге қабілетті тұлғаны дамыту үшін жағдай жасау мақсатында, 2026 жылы «Кітап оқитын ұлт-Читающая нация» жобасын еліміздің барлық өңірлерінде кең көлемде жүзеге асыру жоспарланды.

«Кітап оқитын ұлт-Читающая нация» жобасы – Қазақстан Республикасы халқының арасында тұрақты кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, сыни және талдамалық ойлауды дамытуға, сондай-ақ кітапты барлық жас және әлеуметтік топтар арасында білім көзі ретінде танымал етуге бағытталған ауқымды зияткерлік-ағартушылық бастама.

Аталған жоба өңір тұрғындарының мәдени және рухани дамуына оң әсерін тигізіп, кітапханалардың, білім беру және мәдениет ұйымдарының қызметін жандандыруға, сондай-ақ қоғамда білім мен кітап құндылығын дәріптеуге мүмкіндік береді.

«Кітап оқитын ұлт-Читающая нация» жобасын іске асыру мақсатында «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны 2026 жылдың қыркүйегінен басталып, 2027 жылдың наурыз айында аяқталады. Осы аралықта қатысушылар әр бағыт бойынша таңдап алып, 15 кітапты оқып шығады.

Қазіргі таңда Сіздерге «Кітап оқитын ұлт-Читающая нация» кітап оқу марафонының https://reading-nation.kz/ сайты техникалық режимде іске қосылғанын хабарлаймыз.

Осыған байланысты аталған жобаға қатысушыларды тіркеу жұмысы басталды.

https://reading-nation.kz/сайтына өздеріңіз таңдаған бағыт бойынша тіркелулеріңізді сұраймыз!

04.05.2026

«Ұлттық диктант»

«ҚҒС» ҰК» АҚ қызметкерлері сауаттылық деңгейін арттыруға және жазба тіл мәдениетін насихаттауға бағытталған маңызды бастаманы қолдай отырып, «Ұлттық диктант» ұлттық жобасына белсенді қатысты.

Қызметкерлер үшін диктантқа қатысу тек білімдері мен жазу дағдыларын сынап көру мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар тіл мәдениетін дамытуға, жазба тіл дәстүрлерін сақтауға және мемлекеттік тілге деген жауапкершілік сезімін қалыптастыруға қосқан үлес болды.

Мұндай іс-шаралар қазақ тіліне деген қызығушылықты арттыруға, тілдік сауаттылықты жақсартуға және азаматтарды маңызды мәдени әрі білім беру бастамаларының аясында біріктіруге ықпал етеді. Қызметкерлер осы шараға қатысу арқылы еліміздің білім, мәдениет және тілдік мұрасын дамытуға бағытталған жобаларға қолдау білдірді.