ХАБАРЛАНДЫРУЛАР
26.08.2026 «Қазақстан Ғарыш Сапары ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы өтеулі қызмет көрсету шарты негізінде мамандарды іріктеу туралы хабарлайды.
Барлық қызығушылық танытқан тұлғалардан құжаттарды электрондық форматта (PDF, JPEG) келесі мекенжайға жолдауды сұраймыз: a.islyamova@gharysh.kz
Қажетті құжаттар:
1. білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
2. жеке куәлік көшірмесі;
3. түйіндеме (тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы);
4. ЖК жоқ екендігі туралы анықтама (www.kgd.gov.kz сайтынан скрин);
5. сұратылатын қызмет түрлеріне коммерциялық ұсыныс.
1. Датчиктерді орнату бойынша құрылыс-монтаждау және демонтаждау жұмыстары
Қызметтерді көрсету орны: Жамбыл және Түркістан облыстары.
Қызметтерді көрсету мерзімі: 2026 жылғы 10 қазанға дейін.
Міндеттері:
- бұрын орнатылған өлшеу жабдықтары мен конструктивтік элементтерді олардың тұтастығын бұзбай, ұқыпты бөлшектеу;
- бөлшектелген жабдықтарды бастапқы орнатылған орындарынан Тапсырыс берушінің өкілі айқындаған жаңа орналастыру орындарына тиеу және тасымалдау;
- жаңа орнату орындарында қажетті жер қазу және дайындық жұмыстарын орындау;
- өлшеу науаларын, мачталарды, бекітпелерді және жабдықтың өзге де конструктивтік элементтерін қайта монтаждау және бекіту;
- су ағынының жағдайларын ескере отырып, орнатылған жабдықтың орнықтылығын және тиісті орналасуын қамтамасыз ету;
- жабдықты ауыстырып, қайта монтаждағаннан кейін Тапсырыс берушінің өкілімен бірлесіп жабдықты сынақтан өткізуге қатысу;
- демонтаждау жұмыстарына дейін және жабдықты жаңа орынға орнатқаннан кейін орындалған жұмыстарды фотофиксациялау.
Орындаушының ресурстарына қойылатын талаптар:
Орындаушы жұмыстарды орындау үшін өз есебінен:
• Дәнекерлеу аппараттары, бұрыштық тегістеу машиналары (болгаркалар), перфораторлар (қажет болған жағдайда), шанцтық құрал-саймандар (күректер, сүймендер, қайлалар, балғалар, балталар), бұрғылар, бұрауыштар.
• Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес мачталар мен тіректерге арналған металл прокатты, бекіткіштерді, электродтарды, цементті (қажет болған жағдайда), герметиктерді, сондай-ақ есептегіштерді құбырларға орнатуға арналған фланецтерді, болат ауыстырғыштарды (конустарды), келте құбырларды және тығыздағыштарды сатып алу және жеткізу.
• Далалық жағдайда жұмыстарды жүргізу үшін жеке көліктің және тасымалды электр генераторының (қажет болған жағдайда) болуы.
Біліктілік талаптары:
1. Жабдықтарды орнату процестерін түсіну, техникалық білім мен дағдылардың болуы.
2. Монтаждау/демонтаждау құралдарын пайдалану дағдылары.

2. Жүргізуші автокөлігімен
Жалпы ақпарат
Қызмет атауы: Жүргізушісі бар көлік құралын ұсыну (далалық қызметкердің көмекшісі).
Орналасқан жері: Жамбыл және Түркістан облысы (24 нысаналы учаске).
Қызмет көрсету мерзімі: 2026 жылғы қыркүйек–қараша айлары (3 ай).
Форматы: тапсырыс берушінің өтінімдері бойынша күнделікті шығуға дайын болу.
Тарту мақсаты
Тапсырыс берушінің далалық тобының үздіксіз ұтқырлығын қамтамасыз ету, сондай-ақ өлшеу жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде физикалық және техникалық көмек көрсету.
Автокөлікке қойылатын талаптар
Жоғары өтімділігі бар автомобиль.
Техникалық жай-күйі:Автокөлік техникалық тұрғыдан жарамды болуы, кондиционермен жабдықталуы, далалық жабдықтарды қосу және қуаттау үшін жарамды темекі тұтатқыш ұяшығының (12V) болуы міндетті. Сонымен қатар автокөлік маусымға сәйкес шиналармен жабдықталып, жолсыз жерде қауіпсіз жүруді қамтамасыз етуі тиіс.
Автокөлік бұзылған немесе жарамсыз болған жағдайда, Орындаушы 24 сағат ішінде шарт талаптарын сақтай отырып, баламалы көлік құралын ұсынуға міндетті.
Орындаушының міндеттері
Көлік функциялары:
• Тапсырыс беруші қызметкерлерін қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету;
• ЖЖМ (бензин/дизель), тамақтану, тұру, техникалық қызмет көрсету және автокөлікті ағымдағы жөндеу шығындарын толық өз мойнына алу.
Автокөліктің жөндеуде тұрған уақыты төленбейді. Жолға шығу мүмкін болмаған жағдайда, Орындаушы 24 сағат ішінде ауыстыратын көлік ұсынуға міндетті. Осы мерзім бұзылған жағдайда, Орындаушы әрбір бос тұрған күн үшін мөлшерінде айыппұл төлейді. Жүйелі бұзушылықтар (2 реттен көп) болған жағдайда, Тапсырыс беруші шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
Техникалық көмек:
24 егістік алқабында жабдықтарды (датчиктер, өлшеу науалары және басқа да жабдықтар) монтаждау/демонтаждау кезінде көмек көрсету.
Мачталарды орнатуға көмек көрсету.
Өлшеу жабдықтарын қоймадан Жамбыл және Түркістан облыстарындағы нысаналы учаскелерде орнату орындарына дейін тасымалдау. Далалық маусым аяқталып, демонтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін барлық жабдықты
Тапсырыс берушінің қоймасына кері тасымалдау.
Далалық учаскелерде болған кезеңде жабдықтардың сақталуын қамтамасыз ету.
Тапсырыс берушінің талабы бойынша орнатылған жабдықтың жұмысқа жарамдылығын және тұтастығын тексеру, сондай-ақ суару арналарына су беру басталған кезде Орындаушы әрбір орнатылған өлшеу науасында және есептегіште (сорғыларға орнатылған) су деңгейі мен су шығынына бақылау өлшеулерін жүргізеді. Өлшеу нәтижелері суару суын берудің басталу және аяқталу күні мен уақыты көрсетіле отырып тіркеледі. Орындаушы суару суының берілуін өлшеу процесін фото және бейнетіркеуді жүзеге асырады. Есептік материалдар Тапсырыс берушіге келісілген байланыс арналары арқылы 3 сағат ішінде жіберіледі.
Тапсырыс берушінің талабы бойынша жабдықтарды орнату орындарын фотофиксациялау.
Жұмыс режимі
Өтінімдік қағидат: шығулар Тапсырыс берушінің өтінімі негізінде жүзеге асырылады (12–24 сағат бұрын хабарлау).
Жұмыс уақытын есепке алу: Орындаушы жүріп өткен жолды тіркей отырып және Тапсырыс берушінің жауапты тұлғасының қолымен расталған жол парақтарын жүргізеді.