Қазақстан Ғарыш Сапары Балқаш көлінің экожүйесін сақтау жөніндегі мастер-жоспарды әзірлеуге қатысуда
2025 жылғы 28–29 сәуір аралығында Алматы қаласында «Балқаш көлінің экожүйесін сақтау жөніндегі мастер-жоспарды әзірлеу» тақырыбында семинар өтуде. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ғылыми мекемелер мен жеке сектордың өкілдері қатысуда.
Семинар жұмысына «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы да қатысты. Компанияны бұл алаңда Платформалық шешімдер департаментының директоры Гүлнара Кабжанова және Бизнес-дамыту департаментінің менеджері Анеля Танирбердиева таныстырды.
Семинарды ұйымдастырушы – ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі. Іс-шараға Франция мен Финляндия елдерінің сарапшылары, халықаралық серіктестер, ғылыми және іскер топ өкілдері қатысуда. Негізгі мақсат – Балқаш көлінің экожүйесін сақтау және трансшекаралық су ресурстарын тұрақты басқару мәселелерін талқылау.