Комплаенс-офицер

Капышева Алтын-Ай Амиргалиевна

Сәлеметсіздер ме!

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ресми сайтындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөліміне 
қош келдіңіздер!

хабарлама жіберу

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ комплаенс-офицерінің позициясы АҚ қабылдайтын бастамалар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы міндетті реттеушілік талаптар мен үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар мен іс-қимылдар шеңберінде қалыптасты.

Комплаенс-офицердің негізгі міндеті АҚ қызметкерлерінің республиканың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғам маңызды рөл атқарады және оның осы жұмысқа белсенді қатысуымен шаралардың тиімділігі артуы мүмкін.

Ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1131 қаулысының негізінде сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды мадақтау, оның ішінде біржолғы ақшалай сыйақы төлеу түрінде көтермелеу жүзеге асырылады.

Барлық азаматтарға, заңды тұлғаларға, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ қызметкерлеріне жедел шаралар қабылдау және кез келген сыбайлас жемқорлық фактілері туралы келесі байланыс деректері бойынша хабарлау туралы өтініш білдіргім келеді:

Телефоны: + 7 (7172) 24 85 50 вн. 305
Email: a.kapysheva@gharysh.kz
Пошталық мекенжайы: 010010, Нұр-сұлтан қ., Есіл ауданы, Тұран даңғылы, 89
Мен өз тарапымнан толық құпиялылық пен жасырындыққа кепілдік беремін.

Құрметпен,
Комплаенс-офицер