ХАБАРЛАНДЫРУЛАР

«Ұлттық компания «Қазақстан Ғарыш Сапары» акционерлік қоғамы ақылы қызмет көрсету шарты негізінде мамандарды іріктеу туралы хабарлайды.


Барлық қызығушылық танытқан тұлғалардан құжаттарды электрондық форматта (PDF, JPEG) келесі мекенжайға жолдауды сұраймыз: a.islyamova@gharysh.kz
Қажетті құжаттар:
1. білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
2. жеке куәлік көшірмесі;
3. түйіндеме (тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы);
4. ЖК жоқ екендігі туралы анықтама (www.kgd.gov.kz сайтынан скрин);
5. сұратылатын қызмет түрлеріне коммерциялық ұсыныс. 

1. Датчиктерді орнату бойынша құрылыс-монтаждау және демонтаждау жұмыстары

Міндеттері:
Монтаждау жұмыстары:
- Жер жұмыстары – канал арналарына өлшеу науаларын орнатуға арналған траншеялар қазу және негіз дайындау (орнату орындары Тапсырыс берушімен келісіледі). Суару каналдарына өлшеу науаларын (flumes) орнату, су ағынына төзімділігі мен герметикалығын қамтамасыз ету.
- Су есептегіштерін сорғы құбырларына орнату, қысымға төзімділігі мен герметикалығын қамтамасыз ету.
- Метеостанцияларға арналған металл тіректерді, діңгектерді және қорғаныс қаптамаларын дайындау және орнату. Орнату орнында дәнекерлеу және слесарлық жұмыстар жүргізу.
- Тапсырыс берушімен бірлесіп жабдықтардың жұмысқа қабілеттілігін тексеру.
- Демонтаждау жұмыстары:
- Далалық маусым аяқталғаннан кейін орнатылған жабдықтарды (датчиктер, науалар, есептегіштер, діңгектер) зақымдамай ұқыпты демонтаждау.
- Жер телімдері мен каналдарды бастапқы күйіне келтіру.
Орындаушының ресурстарына қойылатын талаптар:
Орындаушы жұмыстарды орындау үшін өз есебінен:
- Дәнекерлеу аппараттарын, тегістегіштерді, перфораторларды (қажет болған жағдайда), шанц құралдарын (күрек, лом, қайла, балға, балта), бұрғылар мен бұрағыштарды қамтамасыз етеді.
- Діңгектер мен тіректерге арналған металл прокатын (Тапсырыс беруші талаптарына сәйкес), бекіткіштерді, электродтарды, цементті (қажет болған жағдайда), герметиктерді, су есептегіштерін құбырларға орнатуға арналған фланецтерді, болат өтпелерді (конустарды), патрубоктар мен тығыздағыштарды сатып алу және жеткізу.
- Далалық жағдайда жұмыстар жүргізу үшін жеке көлік пен тасымалды электр генераторының болуы (қажет болған жағдайда).
Біліктілік талаптары:
1. Жабдықтарды орнату процестерін түсіну, техникалық білім мен дағдылардың болуы.
2. Монтаждау/демонтаждау құралдарын пайдалану дағдылары.
 

2. Ғылыми консультант

Көрсетілетін қызметтер тізбесі:
• Топырақ ылғалдылығы, су стрессі, өнімділік және эвапотранспирация көрсеткіштерін ($ET$, $ETAW$) есептеу алгоритмдерін талдау;
• Спутниктік деректерді жерүсті өлшемдерімен интеграциялау тәсілдерін талдау;
• Су шаруашылығындағы ЖҚЗ және су тұтынуды бағалау бойынша халықаралық тәжірибені зерттеу;
• Sentinel, Landsat, VIIRS деректерін, thermal-sharpening технологияларын және SEBAL/METRIC модельдерін пайдалану бойынша шетелдік тәжірибені талдау;
• Халықаралық тәжірибені Қазақстан Республикасы жағдайына бейімдеу бойынша ұсынымдар әзірлеу;
• Су тұтынуды ғарыштық мониторингтеу дәлдігін бағалау және жерүсті деректерімен айырмашылықтардың себептерін талдау;
• Спутниктік суреттерді верификациялау және кросс-валидациялау жұмыстарына қатысу;
• Алгоритмдерді жетілдіру және модельдердің дәлдігін арттыру бойынша ұсынымдар дайындау;
• Hydrosat шешімдерін және олардың Copernicus спутниктік деректерімен интеграциясын талдау;
• Hydrosat компаниясының thermal-sharpening технологиясына қатысты тәсілдеріне сараптама жүргізу;
• Спутниктік деректер мен жерүсті өлшемдерін салыстыру (кросс-валидация) әдістемесін ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу;
• Hydrosat өнімдерін Қазақстан Республикасындағы су тұтынуды мониторингтеу міндеттеріне бейімдеу;
• ЖҚЗ деректерін пайдалана отырып су ресурстарын басқару және модельді Қазақстанның басқа суармалы өңірлеріне масштабтау бойынша ғылыми негізделген ұсынымдарды әзірлеуге қатысу;
• Ауыл шаруашылығының өндірістік циклдеріне ЖҚЗ деректерін интеграциялайтын су ресурстарын басқару әдістемесін ғылыми негіздеу.
Жұмыс режимі және өзара іс-қимыл:
1. Жұмыс жоба кестесіне және Тапсырыс берушімен келісімге сәйкес орындалады.
2. Консультант жұмыс кеңестеріне қатысуға, орындалған жұмыстар туралы есептер мен ұсынымдар ұсынуға міндетті.
Нәтижелерге қойылатын талаптар:
1. Жоба бойынша ғылыми әдістемелер мен ұсынымдар әзірлеу.
2. Жобаны дұрыс іске асыру бойынша консультациялар мен ұсынымдар беру.
3. Есептер, шолулар және аналитикалық жазбалар дайындау.
4. Ғылыми талдау негізінде жоба әдістемелері мен рәсімдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.
Біліктілік талаптары:
1. Тиісті ғылыми салада (физика, ғарыштық технологиялар, гидрометеорология, биоинформатика және т.б.) философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі (не ғылым кандидаты/докторы ғылыми дәрежесі).
2. Кемінде 5 жыл ғылыми жұмыс тәжірибесі, оның ішінде жарияланымдар мен зерттеу жобаларына қатысу.
3. Деректерді талдау әдістерін, заманауи мониторинг технологияларын және ғылыми модельдеуді білу.
4. ЖҚЗ деректерімен немесе салалық деректер базаларымен жұмыс тәжірибесі.
5. Есептер, ғылыми жарияланымдар және презентациялар дайындау дағдылары. 

3. Жамбыл Туркестан облыстарында орналасқан пилоттық алқаптарда орнатылған датчиктерді күзету және өлшеу жұмыстарын жүргізу

Міндеттері:
1. Тапсырыс берушінің талабы бойынша орнатылған жабдықтың жұмысқа қабілеттілігі мен бүтіндігін, сондай-ақ суару суы каналдарға берілген сәтте тексереді;
2. Тапсырыс берушінің жабдығы орнатылғаннан кейін жабдықтар мен датчиктерді пайдалануға енгізу актілеріне қол қояды;
3. Жабдықтар мен датчиктердің тазалығын қамтамасыз етеді: күн панельдерін шаңнан, су шығынын өлшеу жабдықтарын (шығын өлшегіштер/есептегіштер) пайдалану барысында жиналған қоқыстан тазалайды;
4. Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес апта сайын өлшеулер жүргізіп, жабдықтар мен датчиктердің көрсеткіштерін тіркейді;
5. Пилоттық алқаптарға су берілген сайын су шығынын өлшеу жабдықтарының (шығын өлшегіштер/есептегіштер) көмегімен каналдардағы су шығынын өлшейді;
6. Тапсырыс берушінің орнатылған жабдықтары мен датчиктерін күзетуді және сақталуын қамтамасыз етеді, соның ішінде пилоттық алқаптарда белсенді агротехникалық жұмыстар жүргізу кезінде (тракторшыларға, механизаторларға және техникалық персоналға жабдықтарды жырту, суару немесе егін жинау кезінде кездейсоқ зақымданудан сақтау мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізу);
7. Фермерлер персоналына нұсқама жүргізеді: тракторшыларға және пилоттық алқап иелерінің техникалық қызметкерлеріне жабдықтар мен датчиктердің сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ жер жырту, суару, егін жинау және өзге жұмыстар кезінде кездейсоқ зақымданудың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
8. Жабдықтар мен датчиктерді ұрлықтан қорғау шараларын қабылдайды (аумақты бақылау, бекіткіштерді тексеру);
9. Жабдықтардың бүлінуі/ұрлануы фактісі анықталған сәттен бастап алғашқы 3 сағат ішінде Тапсырыс берушіні кез келген қолжетімді байланыс құралы арқылы хабардар етеді;
10. Орнатылған жабдықтар мен датчиктердің жай-күйі туралы күнделікті фотоесеп пен бейнетіркеуді ұсынады;
11. Апта сайын жабдықтар мен датчиктердің өлшеу нәтижелерінің фотофиксациясымен бірге, су шығынын өлшеу нәтижелері туралы есеп ұсынады.
Үйлестіру және есептілік:
• Жабдықтардың бүлінуі/ұрлануы немесе қолжетімділіктің бұғатталуы фактілері туралы Тапсырыс берушіні дереу хабардар ету;
• Жабдықтардың жай-күйі туралы фотоесеп ұсыну.
Нәтижелерге қойылатын талаптар:
1. Тапсырыс берушіге 100% қолжетімділік қамтамасыз етілген.
2. Суару суын беру туралы деректер мен өлшеу нәтижелері ұсынылған.
3. Жабдықтардың бүлінуі/ұрлануы фактілері болмаған. 

4. Жүргізуші автокөлігімен

Жалпы ақпарат
Қызмет атауы: Жүргізушісі бар көлік құралын ұсыну (далалық қызметкердің көмекшісі).
Орналасқан жері: Жамбыл және Түркістан облысы (24 нысаналы учаске).
Қызмет көрсету мерзімі: 2026 жылғы маусым – қазан (5 ай).
Форматы: Тапсырыс берушінің өтінімдері бойынша күнделікті шығуға дайын болу.
Тарту мақсаты
Тапсырыс берушінің далалық тобының үздіксіз мобильділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өлшеу жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде физикалық және техникалық көмек көрсету.
Автокөлікке қойылатын талаптар
Жол талғамайтын автокөлік.
Техникалық жай-күйі:
Автокөлік техникалық тұрғыдан жарамды болуы, кондиционермен жабдықталуы, далалық жабдықтарды қосу және қуаттау үшін жарамды темекі тұтатқыш ұяшығының (12V) болуы міндетті. Сонымен қатар автокөлік маусымға сәйкес шиналармен жабдықталып, жолсыз жерде қауіпсіз жүруді қамтамасыз етуі тиіс.
Автокөлік бұзылған немесе жарамсыз болған жағдайда, Орындаушы 24 сағат ішінде шарт талаптарын сақтай отырып, баламалы көлік құралын ұсынуға міндетті.
Орындаушының міндеттері
Көлік функциялары:
• Тапсырыс беруші қызметкерлерін қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету;
• ЖЖМ (бензин/дизель), тамақтану, тұру, техникалық қызмет көрсету және автокөлікті ағымдағы жөндеу шығындарын толық өз мойнына алу.
Автокөліктің жөндеуде тұрған уақыты төленбейді. Жолға шығу мүмкін болмаған жағдайда, Орындаушы 24 сағат ішінде ауыстыратын көлік ұсынуға міндетті. Осы мерзім бұзылған жағдайда, Орындаушы әрбір бос тұрған күн үшін _____________________ мөлшерінде айыппұл төлейді. Жүйелі бұзушылықтар (2 реттен көп) болған жағдайда, Тапсырыс беруші шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
Техникалық көмек:
• 24 алқапта жабдықтарды (датчиктер, өлшеу науалары және т.б.) монтаждау/демонтаждау кезінде көмек көрсету;
• Діңгектерді орнатуға көмек көрсету;
• Жамбыл және Түркістан облыстарындағы нысаналы учаскелерде өлшеу жабдықтарын қоймадан орнату орындарына дейін тасымалдау. Дала маусымы аяқталғаннан кейін және бөлшектеу жұмыстары аяқталғаннан кейін барлық жабдықты тапсырыс берушінің қоймасына қайта тасымалдау.;
• Далалық учаскелерде жабдықтардың сақталуын қамтамасыз ету.
Тапсырыс берушінің талабы бойынша орнатылған жабдықтардың жұмысқа қабілеттілігі мен бүтіндігін тексеру, сондай-ақ каналдарға су берілген кезде Орындаушы әрбір орнатылған өлшеу науасы мен есептегіште (сорғыларға орнатылған) су деңгейі мен шығыны бойынша бақылау өлшемдерін жүргізеді. Өлшеу нәтижелері су берудің басталу және аяқталу уақыты көрсетіле отырып тіркеледі. Орындаушы су беру процесін фото және бейнефиксациялайды. Есептік материалдар келісілген байланыс арналары арқылы 3 сағат ішінде Тапсырыс берушіге жіберіледі.
Тапсырыс берушінің талабы бойынша орнату орындарын фотофиксациялау.
Жұмыс режимі
Өтінімдік қағидат: шығулар Тапсырыс берушінің өтінімі негізінде жүзеге асырылады (12–24 сағат бұрын хабарлау).
Жұмыс уақытын есепке алу:
Орындаушы жүріп өткен жолды тіркей отырып және Тапсырыс берушінің жауапты тұлғасының қолымен расталған жол парақтарын жүргізеді. 

5. Жабдықтарды кедендік рәсімдеу бойынша брокерлік қызметтер

Қызмет атауы
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды кедендік рәсімдеу және рұқсат құжаттарын алу қызметтері.
Орындаушының міндеттері:
• Қазақстан Республикасының кедендік реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес тауарларды рәсімдеуге қажетті құжаттар пакетін жинау;
• Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша кодтарды іріктеу;
• Қазақстан Республикасының кедендік реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың қорытындыларын алу;
• Қазақстан Республикасының кедендік реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардан рұқсаттар немесе лицензиялар алу;
• Қазақстан Республикасының кедендік реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес кедендік декларацияны тапсыру.
Біліктілік талаптары:
1. Кедендік рәсімдеу саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
2. Кедендік рәсімдеу бойынша білікті тәжірибенің болуы;
3. Импорттық-экспорттық операцияларды сүйемелдеу тәжірибесінің болуы;
4. Салықтар және міндетті төлемдер бойынша берешектің болмауы. 
ХАБАРЛАНДЫРУЛАР

Астана қаласы, Есіл ауданы, Тұран даңғылы, 89 мекенжайы бойынша орналасқан "Қазақстан Ғарыш Сапары" Ұлттық компаниясы " АҚ үй жариялайды.:

17.12. 2025 г. Асхана мен кофехананы орналастыруға арналған тұрғын емес үй-жайды жалға беру туралы хабарландыру

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы аумағында асхана мен кофехананы орналастыруға арналған коммерциялық емес ғимаратты жалға береді.

Жалға берілетін объект:
• Асхана алаңы: 84,7 м²
• Кофехана алаңы: 6 м²
• Мекен-жайы: Астана қ., Туран даңғылы, 89

Қатысу үшін коммерциялық ұсыныс беру қажет, оған мыналар кіруі тиіс:
• Тағам ассортиментін көрсететін мәзір;
• Негізгі позициялардың бағалары;
• Қоғамдық тамақтану саласындағы жұмыс тәжірибесі туралы ақпарат.

Ақпаратты беру мерзімі: 2025 жылғы 19 желтоқсан, сағат 14:00 дейін.

Сұрақтар бойынша байланыс тұлғасы:
Рысбек А.Н.
Тел.: +7 (7172) 24-87-99
E-mail: a.rysbek@gharysh.kz